Заң мен тәртіп
Заң мен тәртіп
“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, тамыз айында балабақша педагогтерінің ұйымдастыруымен «Ережелер еліне саяхат» атты ойын-сауық іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер қауіпсіздік, тәртіп және әдептілік ережелерімен ойын арқылы танысып, түрлі қызықты тапсырмалар мен танымдық ойындарға қатысты. Балалар жолда жүру, өрт қауіпсіздігі, тазалық сақтау, достық пен өзара сыйластық қағидалары бойынша білімдерін бекітіп, белсенділік танытты. Ойын барысында бүлдіршіндер ережелерді сақтаудың маңызын түсініп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған құнды мәліметтер алды. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балалардың қызығушылығын арттырып, құқықтық және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға оң ықпал етті.




