Заң мен тәртіп
Заң мен тәртіп
“Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, тамыз айында балабақша психологының ұйымдастыруымен «Мейірімді ана – Мейірімді бала» атты мотивациялық челлендж өткізілді. Челлендждің негізгі мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы мейірімді қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру және ата-аналардың балаға эмоционалдық қолдау көрсетуінің маңыздылығын арттыру.
Іс-шара барысында аналарға балаға жылы сөз айту, құшақтау, мақтау, қолдау көрсету және көңіл бөлуге бағытталған түрлі мотивациялық тапсырмалар ұсынылды. Қатысушы ата-аналар белсенділік танытып, өздерінің мейірімділігі мен сүйіспеншілігін балаларымен бөлісті.




